Бағдарламалау эстетикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бағдарламалау эстетикасы – хабар тарату күнінің ерекшелігін жасау және оның көмегі арқылы көрерменмен қажетті қатынас орнатудың әдісі ретіндегі бағдарламалау процесін игеру түсініледі<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Кандай да бір күндегі хабар таратудың бұл ерекшелігі хабарлардың бүкіл тізбегін біртұтас қабылдаумен анықталады. Бағдарламалау процесінде қабылдау объектісін көрерменмен байланыстыратын эмоциялық қабылдау заңдарын есепке алу қажет. Бағдарламалау араласудың күнделіктілігі, көру ақпаратын қабылдаудың жеңілдігі мен болмай қоймайтын жағдайларында таңдау жасау мүмкіндігі жататын теледидар хабарларын таратудың ерекшеліктерін есепке алады. Бағдарламалау бағдарламада көрерменді бағыттаудан, көрудің үй жағдайларын есепке алудан, хабарлардың арнаулы жіктелуінен қабылдаудың әр түрлі деңгейлерінен, аудиторияның әлеуметтік-демографиялық сипаттамасынан, бағдарламаның бос уақытқұрылымына сәйкестігінен келіп шығады. Теледидардағы бағдарламалау эстетикасы аудиториямен қарым-қатынас жасаудың жалпы сипатына өз табын қалдырады, көркемдік құралдарды пайдалану шекараларын анықтайды, кадрдағы сөз сөйлеушіге, бағдарламаны жүргізушіге ерекше талаптар қояды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}