Баят Жанатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баят Жанатұлы - 1935 жылы 1 қыркүйек Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының «Қызылқайың» ауданында туған. 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Байөлке аймағының жастар комитетінде, Қызылқайың ауданының партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған.

Шығармашылығы

1960 жылдан бастап әдебиетпен шұғылданған. 1976 жылы «Кестелі орамал», 1980 жылы «Меруерт», 1984 жылы «Қиян асулар» атты әңгімелер жинақтары шыққан. «Мен де кінәлімін», «Солдат сыры», «Айырылмас құшақ», «Айдарға тағылған айдар», « Біздің үйленуіміз», «Бажалар бас тырнаспайды» тәрізді драмалық шығармалары бар. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1993 жылдан1997 жылға дейін Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінде тілші болған.

Жетістіктері

Моңғолияның «Алтын жұлдыз», «Еңбек даңқы» және «Жастардың алтын медальдары» тәрізді орден, медальдарымен марапатталған<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}