Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинова (20.10.1943 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған) – химия ғылымдарының докторы (1998), профессор (1999). КСРО өнертапқышы (1979). Мәскеу мемлекеттік университетін (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1970) бітірген. Осы институтта кіші (1970–74), аға ғылыми қызметкер (1974–98) болып жұмыс істеген. 1999 жылдан бас ғылыми қызметкер.<ref name="Source 3">Новые полимеры с ионообменными и окислительно-восстановительными свойствами на основе азотсодержащих мономеров</ref>«Новые полимеры с ионообменными и окислительно-восстановительными свойствами на основе азотсодержащих мономеров» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. Баян Әнуарбекқызы Мұхитдинованың зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған ион алмастырғыштар ҚР Ұлттық ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында сынақтан өтіп, жоғары бағаланды. 300-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның және 60-тан астам КСРО авторлық куәліктері мен «Өнертапқыш әйелдер» 1-халықаралық Көрмесіне (Женева, 1998) қойылған Қазақстандағы №1, «Редоксит» патентінің авторларының бірі. «Парасат» орденімен (2009) марапатталған.<ref name="Source 5">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub