Баян Серікжанұлы Бадағұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы

Баян Бадағұлов (24 сәуір 1964 жыл, Жезқазған) — КСРО және қазақ футболшысы, футбол бапкері. Жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.

Карьерасы

"Жезқазған" футбол клубының түлегі. Кеңес одағы тарқағанша осы клубтан ешқайда ауысқан жоқ. 1992 жылы Теміртаудың "Шахтер-Болат" ауысқанымен, 1993 жылы туған клубына (Бұл кезде "Еңбек" деп аталатын) қайта оралды. 1997 жылы "Қайсар" сапында азырақ ойнады да, футболмен қоштасты.

1992 жылы 1 маусымда Түрікменстан құрамасымен ойынның 89 минутында алаңға шықты<ref>http://kaz-football.kz/kazteam/1kaz92.shtml#1</ref>. Бұл Баянның Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз матчы болатын.

Кейін бапкерлікпен айналысты. "Қазақмыс", "Астана" клубтарында бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Суретсіз мақала