Баянсыздық
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баянсыздық — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында тұрақсыз, өткінші, тұрлаусыз мәнін білдіретін ұғым. Баянсыздық, көбінесе, бұл өмірге, фәни дүниеге қатысты қолданылады. Дала адамы өмірді өзгермелі, қозғалмалы, өтпелі қалыпта қабылдап, өзі де соған сай тіршілік кешеді. Уақыт толқынымен үдере көшкен заман, өзгеріп жатқан дүние, үнемі ауыспалы күйдегі табиғат құбылыстарының сырына ден қойып, мәнін түсінуге тырысады. Фәниден бақиға дейінгі аралықты ой көзімен бағамдап, сана сүзгісінен өткізгенімен көрінім дүние сырының түбіне жете алмайды. Ұққаны — өмірдің өткінші, оңғақтығы. Бұған қазақтың қара өлеңдерінде, шешендік сөздерінде жиі қайталанатын “жалған дүние”, “опасыз, қу дүние”, “баянсыз өмір” немесе “Оралыңның барында ойна да күл, Өтіп кетер сұм жалған баяны жоқ”, тағы басқа өлең жолдары айқын дәлел.
Сыртқы сілтемелер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баянсыздық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}