Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов (25 қыркүйек, 1971 жыл, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы кенті) - балуан, грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы (2010 жылдан), Әлем чемпионы.
Өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын (2001) бітірген, спорттан жаттықтырушы.
- 2010 жылдан бері - грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы.
Жетістіктері
- КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991);
- грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанжоу, 1996);
- Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995);
- Азия ойындарының (Бангкок, 1998) жеңімпазы.
- Азия және Океания чемпионатының (Бангкок, 1997) жеңімпазы.
- Әлем чемпионатының (Евле, 1998) жеңімпазы.
- Азия чемпионатының (Филиппин, 1995; Сеул, 2000) жеңімпазы.
Атақтары
- КСРО спорт шебері (1989).
- ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995).
- Жыл спортшысы (1998).
Марапаттары
- ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.
- «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1999).
Отбасы
- Әкесі - Байсейітов Бағашар Жылқайдарұлы, марқұм. Анасы - Байсейітова Людмила Яковлевна, зейнеткер.
- Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Маржан (1973 жылы туған), интерьер дизайнері.
- Ұлдары - Бағашар Санжар Бахтиярұлы (1994 жылы туған), Байсейітов Сәлім Бахтиярұлы (1996 жылы туған);
- Қызы - Байсейітова Інжу Бахтиярқызы (2004 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub