Бахрейн теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бахрейн теледидары1973 жылдан бастап «Бахрейн телевижн» ұлттық тележүйесі жұмыс істейді. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Бұған дейін көрші араб мемлекеттерінің телехабарларын қабылдаған болатын. Теледидар саны да Германия және Жапониямен салыстырғанда жоғары. Ал араб елдерінде бұл жағынан тек Катарды ғана алдарына шығарады.

Қазіргі кезде (2000) аралдағы осы араб мемлекеті елді Қиыр Шығыс пен Еуропаға қосатын стратег, база ретінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұған Бахрейннің географиялық жағдайы мен бірінші класты байланыс жүйесінің болуы маңызды фактор болып саналады.

1964 жылдың өзінде Үндістан мен Англияны қосатын суасты телеграфтық кабелі Бахрейн арқылы өтті. Бір ғасырдан кейін осы аралда «Кэйбл энд уайрлесс» британ компаниясы араб әлемінде ең алғашқы спутниктік байланыстың жер үстіндегі станциясын салды.

Қазіргі кезде барлық ақпараттық каналдар «Бателко» компаниясының иелігінде. Бұл «Кэйбл энд уайрлесс» компаниясын бахрейнизациялау нәтижесінде құрылды. Қазір Парсы шығанағында Бахрейнді БАӘ-мен, Катармен, Кувейтпеп қосатын суасты кабелін төсеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл кабель 1200 байланыс каналына есептелген.

«Бателко» қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталған. Бахрейндегі АРАБСАТ коммуникациялық жүйесі арқылы 1994 жылдан бастап хабар тарататын спутниктік арнаның өз бағдарламаларын жасау үшін жеткілікті базасы жоқ. Сондықтан ВВС, GNN және Египеттің космостық теледидары хабарларын ретрансляциялау арқылы көреді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}