Бауыр аяқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыр аяқсәбиге қатысты жасалатын ғұрыптың бірі. Өсіп, ширап, буыны беки бастаған бала еңбектеуге талпынып, құйрығымен жылжып, қимыл-әрекеті белсенді бола бастаған кезде тез аяқтансын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, бауырынан асы бар аяқ өткізеді. Бұл жоралғгы кейде мешел балаға арналып та атқарылады. Онда ауылдың белді адамының бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына өткізіп:

Балапандай талпын да, 
Аршында, бөпем, аршында! 
Желмаядай желгек бол, 
Қас тұлпардай сергек бол! 

- деп игі тілегін білдіреді. Соң жүрісті мал сирағы салынған табақтағы астан алдымен баланың өзіне дәм татқызып, қалған асты жиналган жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Бала киіміне тана, моншақ, әшекей тағып, жақсылық тілейді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауыр аяқ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}