Бауыршөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыршөп (Hepatіca) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Солтүстік Америкада кездесетін 6 түрі белгілі. Қазақстанда тау бөктерлері мен тасты беткейлерде өсетін 1 түрі – фальконер бауыршөбі (Н. falconerі) бар. Биіктігі 20 – 25 см. Сабағы тік жеке шығады. Жапырақтары етжеңді, 3 – 5 қалақты, сағағы ұзын болады. Гүлдері көкшіл, қызғылт түсті, дара жетіледі. Ерте көктемде қар ерісімен гүлдейді. Жемісі – ұзынша, түкті жаңғақша. Жаңғақшасында құмырсқаларды тартатын май болады. Тұқымын негізінен құмырсқалар таратады. Бауыршөпті әдемі гүлі үшін мәдени түрде көп өсіреді. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауыршөп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}