Бауыржан Қалабайұлы Баймағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыржан Қалабайұлы Баймағамбетов (29 маусым, 1962 жыл, Ақтөбе облысы Темір қаласы) - Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

  • С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу геологиялық-барлау институтын (1984) бітірген, тау-кен инженер-геолог.
  • Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. 2 кітабының және 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
  • 1984 жылдан - Қырғыз геологиялық басқармасының Сарыжаз геологиялық экспедициясының геологы, аға минерологі.
  • 1989 жылдан - «БатысҚазГеология» Қарғалы ГБЭ геологы, 1-ші санаттағы геологы, жетекші геологы.
  • 1993 жылдан - «Эльфмұнайгаз» француз компаниясының бұрғылау инженер-геологы.
  • 1994 жылдан - Қазақ ғылыми-зерттеу геология барлау мұнай институтының Ақтөбе бөлімшесінің ғылыми қызметкері, директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
  • 1998 жылдан — «АқтөбеҒЗГБИ» АҚ президенті.
  • 2010 жылдан бері - «АқтөбеҒЗГБИ» АҚ бас директоры.

Қоғамдық қызметі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің мұнайгаз ісі жөніндегі мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрағасы.

Марапаттары

  • «Қазақстан мұнайына 100 жыл»
  • «ҚР Жер қойнауын барлау үздігі» белгілерімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}