Бауыржан Ербосынұлы Исламхан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы

Бауыржан Исламхан (1993 жыл, 23 ақпан) - Қазақстан премьер лигасының Қайрат футбол клубы ойыншысы, шабуылшы жартылай қорғаушы, Қазақстан ұлттық құрама ойыншысы.

Исламхан «Тараз» футбол клубының қатарында 49 ойын өткізіп, 6 гол салған. Ал, 2012 жылы аяқдопшы Қазақстан ұлттық құрама қатарына алынып, 16 кездесуге қатысып 3 голдың авторы атанған. 2013 жылғы Достастық кубогында мамандар көзіне түскеннен кейін Ресей және Украина клубтары қызығып ақыры ақпанның 23-де Кубань клубымен 3 жылдық келісім жасасты.<ref>ХАВБЕК СБОРНОЙ КАЗАХСТАНА ПОПОЛНИЛ «КУБАНЬ»</ref>

Командалық мадақтамалары

  • 2014 жылғы чемпионаттың қола медаль жүлдегері.
  • 2015 жылғы Қазақстан чемпионы.
  • 2014,2015 жылдары екі рет Қазақстан кубогын жеңіп алды.
  • Қазақстан суперкубогынын финалисті 2015

Жеке мадақтамалары

  • Қазақстан премьер-лигасының ең жақсы футболшысы болып сайланған 2014.
  • 2016 жылы британдық телеканал BT Sport Бауыржан Исламханның голы Еуропа лигасы Уефадағы ең әдемі гол деп жариялады. BT Sport сайтында оның голы барлық 100 пайызлың 86 пайызын жинап алды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер