Бауыржан Амангелдіұлы Смайылов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бауыржан Амангелдіұлы Смайылов (1967 жыл, 23 наурыз, Целиноград облысы Астрахан ауданы, Жарсуат ауылы) - экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты (2007-2012).
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі
- Целиноград ауылшаруашылық институтының экономика факультетін (1991) ұйымдастырушы-экономист мамандығы
- Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2001) құқықтанушы-заңгер мамандығы;
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатия академиясын (2005), халықаралық қатынастар саласының маманы;
- ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын (2007) «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.
- Экономика ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Экономиканың ауылшаруашылық секторындағы шағын кәсіпкерлік дамуының және мемлекеттік ынталандырудың ерекшеліктері (Ақмола облысы материалдары негізінде)».
Қызмет жолы
- 1984 жылдан - Целиноград облысы Теңіз ауданы «Талдысай» кеңшарының жұмысшысы;
- Целиноград ауылшаруашылығы институтының студенті.
- 1985-1987 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1991 жылдан - Целиноград облысы Максимовка ауылы «Рассвет» кеңшарының экономисі, бас экономисі.
- 1994 жылдан -«Қалқаман» ІЛІЖК директоры.
- 1995 жылдан - «Қалқаман» ЖШС бас директоры.
- 1996 жылдан - «Қалқаман-Астық» ЖШС бас директоры.
- 1997 жылдан - «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС бас директоры.
- 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Қаржы
және бюджет комитетінің мүшесі.
Қоғамдық қызметі
- Астана қаласы мәслихатының 2-ші (1999-2003) және 3-ші (2003-2007) шақырылымдарының депутаты.
- ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат (2002).
- «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің (2001 жылдан) мүшесі.
- Астана қаласы Кесіпкерлер құқығын қорғау бірлестігінің (1999-2007) мүшесі.
- ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер одағының (2005-2010) мүшесі.
- «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі (2005 жылдан).
- «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» республикалық қоғамдық-кеңес беру кеңесінің мүшесі (2008 жылдан).
Марапаттары
- «Құрмет» ордені (2005);
- «Ерен еңбегі үшін» (1999) медалі
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медалі.
- Онжылдықтың үздік кәсіпкері (2001).
Отбасы
- Әкесі - Смаилов Амангелді Әбілдаұлы, ғалым-агроном, Ақмола облысында кеңшар директоры болған.
- Үйленген. Жұбайы - Смайылова Ләззат Телеубайқызы
- Ұлы - Дәулет (1990 жылы туған);
- қыздары - Дана (1998 жылы туған),Тоғжан (1999 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>