Бауырдақ (жез)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауырдақ - қамшының сабына өрімді мықтап ұстату үшін өрімнің «алақанының» үстінен әлгі сапты бойлай шегемен бекітілген ұзынша жездің атауы (өрімнің алақаны деп өрімнің сапқа бекітілетін тұсындағы жалпақтау келген элементін айтады). Ұзындығы қамшы сабының үштен екі бөлігіндей болып келеді. Осындай жезбен әшекейленген түрін жез бауырдақ қамшы деп бөліп айтады. Бауырдақтың бауырлық деп аталуы да кездеседі. Ауыз әдебиет үлгілерінде:

Бір қамшым бар қолымда, 
Жез бауырлық жар-жар, 

- деп келетін өлең жолдарындагы бауырлық бауырдақтың синонимі болып табылады. Бауырдақ қамшы - ерлерге ғана арналған құрал. Өйткені бауырдақ қамшы көбінесе қамшыласу және сайысу үрдісіне қолданылады. Бауырдақтың функциясы өрімнің сапқа бекемдігін қамтамасыз ету. Қамшы өрімін «алақан» тұсынан қайырып, сабына қарай бүктеп ұстауды «қамшыны бауырдақтап ұстау» деп атайды.

Жылқының сұлу болар сүртектісі, 
Сұлудың қасқаяды күрек тісі. 
Қамшыны бауырдақты екі бүктеп, 
Жігіттің үйге кірер жүректісі.

Қамшы сабы мен бауырдағын қоса сыртынан металл немесе қайыспен орап сәндейді. Бауырдаққа қарама-қарсы яғни саптың үстіңгі тұсына кекілдік деп аталатын шашақ орнатылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауырдақ (жез)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}