Бауыздау құда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауыздау құда - құдандалық салтында жақындығы жағынан бас құдадан кейінгі құда. Дәстүр бойынша жігіт жағынан қыз айттыра келген, бауыздау құда бастаған құдалық адамдарына арнайы мал сойылып, бауыздау қаны құйылған бата аяққа екі жақтың сөзін сөйлейтін бас құдалар найзаларының ұштарын батырып, қаннан дәм татысқан. Мал бауыздарда бата берген құданың бауыздау құда аталуы осы жайтқа байланысты қалыптасса керек. Келісім берген қыз әкесі құдаларга шеге шапандарын (жағалы киім) жауып аттандырған. Бауыздау қаны құйылған бата аяққа арнап, жігіт әкесі дәулетіне қарай бір жылқы немесе бір тоғызга толтырып ұсақ мал атаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауыздау құда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}