Батыс қақпа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Батыс қақпа" - 20 ғасырдың соңында тұрғызылған архитекуралық ескерткіш.

Ташкент-Тараз жолының бойында каланың батыс кіре берісінде орналасқан. Құрылысы Тараз қаласының 2000 жылдығына орай ойластырылған, 1997 жылы аяқталған. Сәулетшілер Н.Баекеев, С.Дембай, Б.Мұсаев. Қақпа - үшбұрышты өту аспa-арқадан тұрады. Ол әсем өрнекетліп, 13, 8 м. биіктікте төбелері күмбездермен көмкерілген екі мұнараның ортасында орналасқан. Мұнаралар тегістеліп салынып, Есіктері қызыл гранитпен қапталған. Қақпаның жалпы биіктігі 21,3 м. Мұнараның етектерінен жоғары екі плита орнатылып, бірінің бетінде: "Тараз-рухани байлығымыздың алтын деңгегі", екіншісінің бетінде Тара қаласына көне атауын беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының мәтіні жазылған. "Батыс қақпа" сол жылдары Жамбыл облысының әкімі болған Амалбек Тшановтың пәрменімен тұрғызылған.

Дереккөздер

<ref>Тараз, Жамбы облысы энциклопедиясы</ref>