Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі - Дәулеткерей атындағы өнер ұжымы. Тұсаукесер рәсімі 2001 ж. 27 ақпанда өтті. Орал қаласынндағы Батыс Қазақстан обыстық филармониясы жанынан қүрылды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері Қ.Қажымов. Құрамында 50-ден астам арнаулы жоғары кәсіби білімді мамандар бар. Оркестрдің репертуарында халық композиторлары Құрманғазы мен Динаның, Түркештің, Дәулеткерейдің күйлері, И.Тілендиевтің, К.Күмісбековтің А.Жайымовтың, Е.Брусиловскийдің, С.Мұхамеджановтың, т.б. шығармалары, орыс және Еуропа композиторларының туындылары бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}