Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.jpg
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы - Орал қаласындағы 1832ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме. 1920 ж. қалалық реалды уч-ще мен казак-орыс өскерлері мұражайларының негізінде қайта құрылды. Мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениеттен мағлұмат берсе, 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар, ұй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандар Батыс Қазақстан төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады. Сондай-ақ, мұнда 19 ғ-дың соңы - 20 ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеум. оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған.Мұражай қорындағы а.ш. өнімдерінің түрлері, шикізат өнімдері, еңбек ерлері жайындағы мәліметтер облыстық өндірістік және шаруашылық дамуының тарихын көрсетеді. Мұражайдың дербес бөлімі болып табылатын Мәншүк Мәметова мұражайында оның ерлігінен хабар беретін материалдар мен заттық деректер, Пугачев мұражайында орыс қөтерілісшісі Е.А. Пугачевтің Оралда болуын баяндайтын құжаттар, соғыс қарулары; Табиғат және экология мұражайында өлкенің географиялық жер жағдайының кескіндеме-карталары, кен байлықтарының үлгілері, өлкеде кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлардың қатырылған бейнелері қойылған. Сондай-ақ, суретші С.Ғұмаров және орыс жазушысы М.Шолохов мұражайлары да Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімі ретінде жұмыс істейді. Мұражайда жалпы саны 21930 экспонат сақтаулы. Тұрақты және көшпелі көрмелер, облысы теледидар және радиодан арнаулы хабардар ұйымдастырылып тұрады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}