Батыршылдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыршылдық - көшпелі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер болған батырлар әлеуметтік жігінің кәсіби әскери іске негізделген әлеуметтік институттардың бірі. Батырлардың әлеуметтік жік ретіндегі басты қоғамдық функциясынан туындаған, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік идеологиясы, өзіне тән әскери салт-дәстүрлері, әскери кәсіптің тәжірибесінен қалыптаскан өзіндік жауынгерлік этикасы, моралдық ережелері, басқа әлеуметтік жіктермен арақатынасын реттейтін әлеуметік нормалары болды. Бұл әлеуметтік нормалардың институциялануы барысында «батыршылдық» институты қапыптасып, батырлар көшпелі қоғамдағы әскери жікке айналды. «Батыршылдық» институты патриархалды-рулық құрылым кезеңінде пайда болды. Батыр болып өмір сүрген адам тек әскери іспен ғана айналысуы тиіс болды, оның бар өмірі соғыста өтті, батыр үшін басқа іспен айналысу ар саналды, сондықтан батырлар әулетінде әскери кәсіппен өмір сүру әкеден балаға мұрагерлікке жалғасатын. Батыршылдықта өлімге деген көзқарас өзгеше болып, батыр қашанда өлімді қарсы алуға дайын болуға тәрбиеленетін. Қартайғанша қаруын тастамайтын батырлар үшін соғыста қаза болу қасиетті өлім саналып, үйде төсекте өлу өкініш болды. Олар үшін өзінің жауынгерлік намысы, әскери парызы өлімнен жоғары қойылды. Өлімге мұндай көзқарас қалыптастыру батырлық рухты тәрбилеудің бір бөлігі болатын.

Батыршылдықтың басты мұраттары (идеалдары): ерлік, батылдық, ханға, елге сенімділікпен қызмет ету, адалдық, асылдық, тектілік, осы мұраттар үшін жан қию. Жауынгерлік қаруды қастерлеп, киелеу, қаруға табыну, қаруға ат қою, айқас алдында қарумен серттесу, қаруды жаман іске жұмсамау, қаруды әртүрлі символға айналдыру сияқты әскери қарумен байланысты салт-дәстүрлер батыршылдық салттың бір бөлігі болған. Батыршылдықта басты өнер - ер қаруы-бес қаруды жетік меңгеріп, шебер қолдана білу. Батырлық эпостарда, батырлар әулетінен шыққан батыр-жыраулар поэзиясында батыршылдықтың осы мұраттары дәріптеледі. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы осы батыршылдықтың гимні (әнұраны) десе болады. Батыршылдық өткен ғасырлардағы ұлттық салт-дәстүрімізде елдің айбыпы болған батыршылдық рухты тәрбиелеудің негізі болды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыршылдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}