Батуми терминалы және Қазақстанның Дүниежүзілік мұхитқа шығуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батуми терминалы және Қазақстанның Дүниежүзілік мүхитқа шығуы

Батумидегі мұнай терминалының Транскавказдық мұнай-көліктік дәліздің құрамындағы маңызды буын екендігін атап өткен жөн. Терминал тұтынушыларының арасында "Еххон Mobil" ("Эксон Мобил"), "Chewron" ("Шеврон") және "British Petroleum" ("Бритиш Петролеум") сияқты дүние жүзінің ең ірі мұнай-газ компаниялары бар. Соңғы жеті жыл ішінде Батуми арқылы мұнай жөнелтудің көлемі іс жүзінде төрт есе өсті. 2006 жылдың ресми деректерінің қорытындылары әлі жарияланбаса да Батуми терминалы арқылы өткен жылы 12 млн т-дай мұнай мен мұнай өнімдері өткізілді, бұл рекордтық көрсеткіш.

Батуми мұнай терминалының негізі 1883 жылы Қара теңізге Баку мұнайын тасумен айналысқан ағайынды Нобольдер компаниясының қатысуымен қаланды. 1999 жылы терминал жекешелендіріліп, "Greenoak" тобы оны жаңартып салды. Ол кезде терминал жылына тек 3-3,5 млн т. мұнай өңдеген еді. Бүгінгі күні терминалдың толық қуаты жылына 15 млн т мұнайды құрайды. 2006 жылы мамырда "Greenoak" тендерден жеңіп шығып, Батуми теңіз сауда портын 49 жыл басқару құқығына ие болды.

Ол бүл үшін бастапқы 35 млн-ның орнына 92 млн доллар төледі. Осылайша "Greenoak" ("Гриноук" — "жасыл емен") Грузия арқылы мұнайды танкерлерге айдауды өз қолына жинақтады. Бұл мәселе бойынша Батуми портының Грузияның аса қуатты теңіз порты — Потиден қолайлы ерекшелігі бар. Батуми үлкен кемелердің жүк тиеуі үшін тура айлаққа келіп тоқтауға мүмкіндік беретін өзінің терең суымен ерекшеленеді.

Батуми терминалына үлестік қатынасқа кірген Қазақстан қолайлы стратегиялық геосаяси орын және Дүниежүзілік мұхитқа тура шығу мүмкіндігін беретін мұнай-көліктік активтерге ие болды. "ҚазТрансОйл" компаниясы мен тобы арасындағы стратегиялық одақ 22 қыркүйекте Тбилисиде жасалды. Сонда Ян Бонде Нильсен Тбилиси — Джейхан (БТД) мұнай құбырының іске қосылуына байланысты Әзірбайжан мұнайын темір жолмен тасудың көлемі үздіксіз төмендей беретінін атап етті. Сондықтан "Greenoak" Батуми мұнай көліктік табыскерлігінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге қабілетті қуатты ресурстык базасы бар күшті серіктеспен одақ жасасуға бет бұрды.

Терминал менеджментінің деректері бойынша жуырдағы онжылдықта Түрікменстандағы мұнай өңдеудің жылдық көлемі 16 млн т-дан аспайды, ал Әзірбайжан жылына 60 млн т-дан астам мұнай өндірсе де, оның көпшілік бөлігін БТД мұнай құбырына айдайтын болады.

Міне, сондықтан да 2015 жыл жылдық мұнай өндіру көлемі 170 млн-ға жететіні күтіліп отырған Қазақстан анағұрлым болашағы бар, грузиндік темір жол тамырлары мен Батуми мұнай терминалының қызметін қажет ететін тұтынушы болып шықты.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батуми терминалы және Қазақстанның Дүниежүзілік мұхитқа шығуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}