Басқару түрi

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:World Monarchies.png
Монархиялық мемлекетер

Басқару түрi — жоғары мемлекеттік органдарды, олардың құрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика.

Монархия

‘’Монархия’’ — алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы – монарх әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.

Eкі түрі

Монархияның екі түрі бар: абсолюттік және конституциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мемлекет конституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заң шығарушы билікке құзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет атқарады. Бұл парламенттік монархия. Басқа жағдайларда монарх атқарушы биліктің тізгінін өзі ұстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару құқына ие, парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парламента таратуға құқылы. Бұл түрінде, көріп отырғанымыздай, монарх пен парламент мемлекет билігін бөліседі. Конституциялық монархияның бұл түрін дуапистік деп атау да қалыптасқан.

Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басқару түрi|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}