Басыр Хабижанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Басыр Хабижанов (8 қыркүйек 1930, Атырау облысы Индер ауданы, Қазақстан24 қаңтар 1982, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1973), профессор (1975).

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.

Семей мемлекеттік медицина институтында (1956—1976, Семей мемлекеттік медицина академиясы) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1976—1980) қызметтерін атқарған.

1972 жылы «Изучение гетеротрансплантации костной ткани плодов консервированной различными методами в эксперименте и клинике» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Марапаттары

  • «Еңбек Қызыл Ту» ордені.

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер