Басы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басы, басы артық. «Басы артық сөзді қоя тұрайық». Бір қызығы «басы» тұлғасы «артық» сөзімён өте жиі қолданылады да, «кем» дегенге көп жолай бермейді. Осыған орай оны («басы» сөзін), бәрімізге мәлім, «бас» мағынасын беретін тұлғадан туындаған деуге көңіл дауаламайды. Оның өзіне ежелден меншікті, алғашқы мағынасы болғандығын сарыкөл тілінің деректері анықтайды (сарыкөл тілі — үнді-европа тілдерінің ішінде иран тобына жатады. Мұнда түркі тілдерінен ауысқан сөздер де баршылық), Онда: баш — артық; ал башы — көп, мол сияқты мағыналарды түсіндіреді. Сарыкөл тіліне түркі тілдерінен сөз ауысқанындай, керісінше ауыс-күйіс болуы таңданарлық құбылыс емес. Сөйтіп, тіліміздегі «басы артық» тіркесін түсініктірек айтсақ— «артық артық» немесе «көп, молымен артық» дегенге саяды.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}