Басшы Айжанақұлы Әзірханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Басшы Айжанақұлы Әзірханов (1 қыркүйек 1954 жылы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында – 22 тамыз 2021 жылы) — мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері. Саяси ғылымдарының кандидаты (2002). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Толығырақ
- Гурьев ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша;
- Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1978) қатынас жолдарының инженері, электрик мамандығы бойынша;
- Орталық Азия университетінің заң факультетін (2001) заңгөр мамандығы бойынша;
- Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми жұмысы
- 2002 жылы Саяси ғылымдарының кандидаты
- Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Орта тапты қалыптастыру бойынша Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары».
- «Бейнеу» (2002)
- «Орта тапты қалыптастырған он жыл» (2002)
- «Дінім менің - Ислам» (2006) кітаптарының авторы.
Еңбек жолы
- 1972 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының «Маңғыстау» кеңшарында жұмысшы.
- 1973 жылдан - Алматы темір жол көлігінің инженерлері институтының студенті.
- 1978 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу желілік ауданының электрмеханигі.
- 1979 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі.
- 1980 жылдан - екінші хатшысы, бірінші хатшысы.
- 1983 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу теміржол торабы партия комитетінің хатшысы.
- 1989 жылдан - Гурьев облысы Бейнеу аудандық партия комитетінің хатшысы.
- 1990 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
- 1992 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық әкімшілігінің басшысы.
- 1995 - 2017 жылдары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі
- 2017 жылдан құрметті еңбек демалысында.
Марапаттары
- 1998 — "Астана" медалі
- 1999 — Ерен еңбегі үшін медалі
- 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
- 2004 — «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медалі
- 2004 — «Қазақстан мұнайына 100 жыл» алтын медалі
- 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі
- 2005 — ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
- 2005 — «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі
- 2006 — «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалі
- 2006 — ҚР Мәдениет қайраткері (құрметті атағы)
- 2008 — "Астанаға 10 жыл" медалі
- 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
- 2015 — «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі
- 2015 — "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі
- 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды
- ҚР Денсаулық сақтау ісінің Үздігі
- ҚР Білім беру ісінің Үздігі
- ҚР Еңбек ардагері құрметті төсбелгісімен марапатталған
- Әскери атағы - запастағы полковник.
Отбасы
- Әкесі - Айжанақов Әзірхан (1915-1989). Анасы - Жұбанова Жұма (1926-2002).
- Үйленген. Жұбайы - Әзірханова Құралай (1954 ж.т.), үй шаруасында.
- Қыздары - Әзірханова Кәмшат (1979 ж.т.) - «Агния» ЖШС бухгалтері, Әзірханова Гүлшат (1985 ж.т.) - Іле ОАА УДЗ дәрігері;
- Ұлдары - Әзірханов Бекзат (1981 ж.т.) - Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары; Әзірханов Шапағат (1989 ж.т.) - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 1 қыркүйекте туғандар
- Атырау ауылшаруашылық техникумы түлектері
- Алматы теміржол көлігінің инженерлері институты түлектері
- Орталық Азия университеті түлектері
- Қазақ автомобиль-жол университеті түлектері
- Саясат ғылымдарының кандидаттары
- Бейнеу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағалары
- Бейнеу ауданының әкімдері
- Қазақстан темір жолына 100 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері
- Қазақстан білім беру ісінің үздіктері
- Қазақстан полковниктері