Басши-Қоңырөлең артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басши-Қоңырөлең артезиан алабы, Алматы облысы Панфилов ауданы жерінде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Қатутау мен Алтынемел тауларының арасында орналасқан. Аумағы 2 мың км2. Су табанының тереңдік деңгейіне байланысты Басши және Қоңырөлең жер асты ағыны болып екіге бөлінеді. Біріншісі Оңтүстік Іле артезиан алабымен жалғасады, ал екіншісі Көктерек өзеніне қосылады. Қалыңдығы 300 – 800 м ойыста 5 – 428 м тереңдікте гидрокарбонатты-кальцийлі, натрийлі тұщы су кездеседі. Ұңғымадан тәулігіне 43 – 870 м3 су шығады. Судың болжамдық қоры 16 млрд. м3. Суы елді мекендерде ауыз су, егістік суғару үшін пайдаланылады. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}