Басуто

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Халық

Сурет:Flag of Lesotho (1987-2006).svg
Лесотоның бұрынғы (1987-2006) туы

Басуто (сото, суто) - Лесото корольдығында, Оңтүстік Африка Республикасымен шектес аудандарда, ішінара Ботсвана Республикасында тұратын халық.

Халық саны

2001 жылғы мәлімет бойынша, жалпы Басуто халқының саны - 5.3 млн адам, оның ішінде 3,544,304 адам Оңтүстік Африка Республикасында тұрады.

Тілі

Банту тілдері тобының оңтүстік-шығыс тармағына жататын сесото тілінде сөйлейді.

Діні

Басутоның көпшілігі католиктер мен протестанттар, азғанасы жергілікті дәстүрлі дінді сақтайды: 90 % - христиадар (оның ішінде 53 % католиктер), 10 % жергілікті дәстүрлі дінді сақтайды (анимализм, фетишизм, бабалар аруақтарына сыйынады, табиғат күштеріне сыйнады т.б.) <ref>Религия басуто</ref>.

Кәсібі

Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы (қой) мен егіншілік (жүгері, бидай). Малды жайып, сауып алуымен еркектері айналасады. Одан басқа - ағаш ұсталық өнері, тері илеу кәсібі, металлургия дамыған. Ерлерінің 80 % -дайы кен орындарында және ОАР плантацияларында маусымды жұмыс істейді <ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref>.

Дереккөздер

<references/>