Бастырылған мұнайлы қойнауқат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бастырылған мұнайлы қойнауқат (жатын). Екі мағынада қолданылады:
- Бір жақшеті жер бетінен көрініс берген одан сығымдалған мұнай тамшылары тотыға отырып шайыртастарға айналған, сөйтіп мұнайдың одан әрі сығымдалуын болдырмаған, яғни сол мұнай жатынының бірте-бірте түгелдей бұзылуынан шайыртас қалқаны сақтап тұратын мұнайлы қойнауқат. Мұндай қойнауқаттардың төменгі бөлігінде тотықпаған байырғы мұнай жатыны болуы әбден мүмкін.
- Шеттік су немесе табандык су қабатымен жапсарласу өңірі бактериялар әсерінен тотығуы салдарынан мұнай тамшылары шайыртасты-шайырлы заттарға айналған, сөйтіп аталған жатыннын басым көпшілігін шеттік немесе табандық сулардан шектеп тұруымен сипатталатын мұнайлы қойнауқат. Синонимі — "қалқаланған мұнай жатыны.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify