Бассолб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Бассолб» - ас тұзын өндіретін кәсіпорын. Бөкей ордасы ауданы мен Ресейдің Астрахан облысы шекарасында орналасқан. Тұз Басқұншақ көлінде (аумағы 106 км) өндіріледі. Бұл жерден тұз алынғаны жөніндегі алғашқы деректер 7 ғ-дан (хазар, қыпшақ, т.б. көшпелі тайпалар дәуірі) басталады. 1556 ж. Астрахан хандығы жаулап алынғаннан кейін мұнда орыстар келе бастады. 1889 ж. Басқұншақ көлі маңындағы тұз кәсіпшіліктерінде жұмыс істейтін бөкейлік қазақтар саны 5 мыңнан асқан. Тұз өндірушілер ауыр қол жұмысымен қиын жағдайда жұмыс істеген. Жұмысқа аса төзімді түйелер қолданылды. Бүгінгі таңда мұндағы тұз өндіретін фабрикада қазіргі заманғы техника пайдаланылады. 1977 жылдан кәсіпорын тарихын баяндайтын шағын музей жұмыс істейді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub