Баспа құрылғы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баспа құрылғы – есептеу техникасында есептеуіш ма шинадан алынған қорытынды мәндерді сан не әріп түрінде қағаз бетіне жазып отыра тын құрылғы<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.


Баспа құрылғы ретінде негізінен баяу жылдамдықты электромеханикалық құрылғылар қолданылады. Секундына бірнеше мың танба басуға мүмкіндік беретін шапшаң баспа құрылғылары (фотооптикалық электрографиялық, электро-химиялық т.б.) да бар. Электро-механикалық баспа құрылғылар сек. 20 таңбаны 7 көшірме қағазға баса алатын машинкалар (ленталы не рулонды), мин. 90-150 жол басып шығаратын доңғалақты және штангілі құрылғылар, мин. 900 жол басатын санды доңғалақты және матрицалы болып бірнеше түрге бөлінеді. Шапшаң баспа құрылғылар ішінде фотооптикалық түрі жиі қолданылады. Ол бір матрицадан сек. 2000-ға дейін таңба түсіруге мүмкіндік береді.

Соңғы кезде құрамында күрделі электромеханикалық құрылғылары жоқ электрографиялық баспа құрылғыларында кең таралуда. Онда жылжып тұрған қағаз бетіне электродтар матрицасы көмегімен басылатын таңбаға сәйкес заряд беріледі. Қағаздың зарядталған жерлеріне бояулы ұнтақтың жабысуы салдарынан кескін алынады. Жалпы баспа құрылғылары конструкциялық және технологиялық ерекшеліктеріне қарай секундына 100-ден (электрохимиялық) 3000-ға (электрографиялық) дейін таңба баса алады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}