Басин Юрий Григорьевич

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Басин Юрий Григорьевич(28.3.1923 жылы туған, Украина, Донецк облысы Артемов қаласы) — ғалым, заң ғылымдарының докторы (1964), профессор (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984). Соғыс ардагері. Алматы заң институтын бітірген (1949). 1950 жылдан Алматы заң колледжіінде оқытушы. 1952 жылдан ҚазМУ-де доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, декан болып қызмет атқарды. Ғылыми жұмыстарында шаруашылықты жүргізудің құқықтық пішімдері мен келісім-шарттық тәртіпті нығайту шараларын зерттеді. Қазақ КСР-і Азаматтық құқығының негізгі бөлімдерін жазуға қатысқан авторлардың бірі (1978, 1980). <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub