Барьян Тұрсынов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Барьян Тұрсынов (1923 ж. туған, Семей облысы, Жарма ауданы) – заңгер.
Өмірбаяны
Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген (1951). 1951 – 1952 ж. Семей қалалық прокуратурасының тергеушісі, 1952 – 1959 ж. Семей облысының партия комитетінің нұсқаушысы, әкімшілік және сауда-қаржы органдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1959 – 1961 ж. КОКП ОК жанындағы жоғ. партия мектебінің тыңдаушысы, 1961 – 1962 ж. Қазақстан КП облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1962 – 77 ж. Жамбыл облысының прокуроры, 1977 – 1985 ж. Талдықорған облысының прокуроры; 1985 – 1987 ж. Талдықорған облысы прокурорының мемлекеттік қауіпсіздік органдарында тергеу мен жауап алуды қадағалау жөніндегі аға көмекшісі.
Марапаттары
3-дәрежелі Мемл. заң кеңесшісі. «Құрмет Белгісі», Отан соғысы, «Халықтар Достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген заңгері, «КСРО Прокуратурасының құрметті қызметкері» атағына Қазақстаннан тұңғыш ие болған. Тараз қаласындағы заң колледжі Тұрсыновтың есімімен аталады. <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}