Барлау ұңғымасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барлау ұңғымасы - мұнай мен газдың барланған қорларын C1 категориясы бойынша дайындау және кенорынды игеру жобасын (технологиялық сызбаны) жасақтауға қажетті мәліметтерді алу мақсатында кенорындар мен жатындарды зерттеу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұрғылау ұңғымасы. Барлау ұңғымасы мұнай мен газдың өндірістік қорлары бар екендігі дәлелденген және игеруге берілген кенорындар өңірінде ғана жасақталады. Әрбір барлау ұңғымасы атқаруы тиіс мүдделер жиынтығы геологиялық барлау жұмыстарының сатылылығы тұрғысынан және зерттеліп жатқан кенорынның немесе жатынның барлану дәрежесі тұрғысынан анықталады. Барлау жұмыстарының нәтижелері мен әдістемелерін саралау барысында барлау ұңғымаларын түрлі-түрлі топтарға жіктеу мүмкіндігі жүзеге асады, бұл орайда олар өздерінің мақсат-мүддесі, кеңістіктегі орны, өнімділігі т.с.с. белгілері тұрғысынан өнімді және өнімсіз ұңғымаларға, шектеусырттық және шектеуіштік ұңғымаларға, шектеуші және бағалаушы ұңғымаларға, т.с.с. түрлерге жіктеледі. Барлау ұңғымаларын жасақтау терең бұрғылауға бөлінген қаржы есебінен жүргізіледі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}