Барлаудың геофизикалық әдістерінің тура және кері міндеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барлаудың геофизикалық әдістерінің тура және кері міндеттері Барлау геофизыкасында жиі қолданылатын математикалық физика термині. Тура міндет дегеніміз физикалық сипаттары алдын-ала тандалып алынған, орналасу ерекшеліктері де белгілі нысанның қалыпсыздығын (сол қалыпсыздықтың мөлшерлік көрсеткіштерін, пішінін және өзіндік орнын) анықтау шараларына саяды. Кері міндетті шешу нәтижесінде белгілі болған қалыпсыздық көмегімен сол қалыпсыздықты тудырған нысандардың орналасу ерекшеліктері, олардың геометриялық және физикалық параметрлері анықталады. Белгілі болған қалыпсыздық өте күрделі болған жағдайда кері міндеттің шешімі мейілінше тұрлаусыз болуы немесе оның бірнеше шешімі болуы мүмкін. Соңғы жағдайда алынған шешімдердің жарамсыз дегендері есепке алынбайды.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}