Баркали үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баркали үстірті, Австралия құрлығының солтүстігінде, солтүстігін-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 км-ге созылып жатыр. Карпентария шығанағына қарай аласарып (500 — 200 м) шығанақтың жағалық жазығына ұласып кетеді. Құрлықтың ортасына қарай қыратты келеді. Жер бедері шатқалдармен, кең аңғарлармен тілімденген. Үстірт беті әктасты тау жыныстарынан түзілгендіктен бетінде карсты үңгірлер, шұңғымалар көп кездеседі. Баркали үстірті экваторлық белдеуде жатқанмен жылдық жауын-шашын мөлш. 500 — 700 мм-ден аспайды. Өзен өте сирек. Үстірттен ағып шыққан өзендер (Николсон, Лайкхерт) Карпентария шығанағына құяды. Олардың барлығы дерлік жазда тартылып қалады. Жер бедеріне эвкалипт ағаштары, астық тұқымдас шөптесіндер аралас өскен саванна тән.

Сілтеме

Қазақ Энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баркали үстірті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}