Бардиж Нұргүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бардиж Нұргүл (1957 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келген) – менеджер, тележурналист<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.

Өскемен педагогикалық институтын бітірген (1980). Еңбек жолын "Рудный Алтай" облыстық газетінде тілші, кейін аймақтағы алғашқы жеке меншік телеарналарда директор болды. 1997 жылы Өскемен телестудиясының жарнама бөліміне келген тұңғыш қазақ менеджері.

Кәсібін жетік меңгерген маман ретінде телеарнаның заман талабына сай экономикалық тұрғыдан көтерілуіне үлес қосты. Сайлау алды кампанияларды өткізуде көрсеткен белсенділігі үшін "Hұp Отан" ХДП Алғыс хатының иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}