Барақ батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барақ батыр<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> — тарихи дастан.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Найман ішінде ергенектінің бір тармағы Көкжарлыдан шыққан Барақ батырдың қалмақ шапқыншылығына қарсы соғыстағы ерлік істері жайлы ел аузындағы аңыз, әңгімелер негізінде жазушы, ақын, ауыз әдебиетін жинаушы Бәдел Тұрсынбайұлы 1941 жылы жеке дастан етіп жазған. Шығарма дастан оқиғасы өрбірген Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Күршім, Катонқарағай, Марқакөл аудандарында кеңінен тараған. Жырдың сюжеттік желісі бойынша қалмақ батырлары осы Алтай өңірін жаулап алу мақсатында көп қолмен аттанады. Бұл кезде Қабанбай, Барақ батырлар қырғыздармен арада туындаған мәселені шешуге кетеді де, тұтқиылдан тиіскен қалмақтармен шайқаста Барақтың інісі Барлыбай батыр ерлікпен қаза табады. Елге қайта оралған Қабанбай мен Барақ батырлар қалмақтармен соғысып, Барлыбайдың кегін алады. Жыр қалмақтардың күш жинап, қайта келіп соғысқан кезінде Абылай хан бастаған Қабанбай, Ер Жәнібек, Бөгенбай, Барақ батырлардың қалмақ батырларымен жекпе-жекте басым түсіп, Алтай өңірін жаудан мүлдем тазартумен аяқталады. Дастанның негізгі оқиға желісі Барақ батыр бейнесін жан-жақты ашып көрсетуге құрылған. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында сақтаулы. Көлемді дастан жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған. Бұрын еш жерде жарияланбаған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref><ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}