Банкир

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Банкирақша капиталының, банктің меншік иесі немесе банк операцияларын жүргізу міндеті жүктелген менеджерлер. Банк менеджерлері — осы саланы ұйымдастыруға және басқаруға білімі жетерлік, тәжірибесі бар маман адамдар. Оларға ақша капиталының иелері белгілі дәрежеде әкімшілік билік бере алады, бірақ олардың банк капиталы иелеріне билігі жүрмейді, тек акционерлердің шешімдерін орындайды. Банкирлердің қолында аса ірі қаржы ресурстары жинақталады. Сондықтан олар маңызды деген қаржы топтарының құрамына кіре алады. Қазақстан жағдайында банктің басқарушы кеңесінің төрағасы мен мүшелері,<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> басқарманың төрағасы, оның орынбасарлары, бас бухгалтері, оның орынбасары, бөлімшелердің бірінші басшысы мен бас бухгалтері, олардың орынбасарлары — банктің басшы қызметкерлері деп танылады. Осы қызметтерге тағайындалғанда не сайланғанда ҚР ПрезидентініңҚазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заң күші бар Жарлығында (31.8.95) көрсетілген арнайы талаптар басшылыққа алынады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Банкир|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}