Балқыту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gussmetallschmelze.jpg
Метал балқыту

Балқыту<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref> — 1) сұйық күйдегі ақырғы өнімді алу үшін балқыту пештерінде материалдарды (кентас, металл, т.б.) өңдеу процесі (мысалы, домналық оттектік-конвертерлік балқыту); 2) осындай өңдеудің бір реттік циклі, сондай-ақ, осы процестің нәтижесінде алынған ақырғы өнім. Қазақстанда 1975 жылы А.М. Қонаев, С.М. Қожахметов, т.б. мыс, қорғасын және мырыш алудың оттектің қатысуымен өтетін циклонды-электр термиялық балқыту технологиясын жасап, оны Ертіс полиметалл комбинатында, ал Қожахметов, т.б. мыс және мыс-мырыш қорытпаларын сұйық ваннада балқыту технологиясын жасап, Балқаш мыс қорыту зауытында өндіріске енгізді. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балқыту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}