Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тарихы

Балқаш қаласында бірінші кітапхана сонау 1934 жылы сол кездегі Набережный қонысында, жұмыскерлер клубында ашылған. Ол кезде кітап қоры 450 дана болып саналған. 1962 жылы ЦК ВЛКСМ мен Қаз ССР мәдениет министрлігінің шешімімен Балқаш қаласының қалалық кітапханасына «Үлгілі кітапхана» атағы берілді. Ал 1965 жылы ол Николай Островский атындағы кітапхана болып аталды. 1977 жылы Балқаш қаласының кітапханалары орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып біріктірілді. Кітапхана жүйесінің директоры болып Т.Ө.Әйнекова тағайындалды. Құрамына 28 кітапхана кірді. 1979 жыл ұжымға қазіргі мекен-жайға Н.Калмыков тұйық көшесіне көшуімен есте қалды. 2010 жылы бұл тұйық көшеге Н.Калмыков аты берілді. Ғимараттың кеңдігі жаңа бөлімдер ашу мен қызмет көрсету мәдениетін жақсартуға мүмкіндік берді. 1994 жылы С.Сейфуллиннің 100 жасқа толу мерейтойының құрметіне орталық кітапханаға Балқаш қаласы әкімінің, мәжіліс мәслихатының шешімімен № 459/11 қаулысы бойынша жергілікті ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің аты берілді

Клубтар

Қазіргі таңда «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамына әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 9 кітапхана бар. Бүгінде қызығушылық клубтары: «Қаламгер» әдеби бірлестігі, «Шаг навстречу» қиын балалармен жұмыс клубы, «Рауан» патриоттық клубы, «Кәусәр» жастар клубы және тағы басқа клубтары жұмыс істейді. «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрамында оқырмандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар бар. 1991 жылы тек қана қазақ тілінде жинақталған кітапхана “Сырлас” әдеби қонақ-жайы, ал № 2 кітапхана-филиалы экологиялық бағытта жұмыс істейді. Қазіргі уақытта орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 44 компьютер, 21 сканер,11 ксерокс, 8 көп функционалды құрылғы, сервер бар. 10 компьютерде локалды жүйе бар. Орталықтанған кітапхана жүйесінде «Рабис» бағдарламасы арқылы «Кітап», «Мақала», «Өлкетану», «Экология» және т.б электрондық базалар жасалынады. Бүгінгі күнде электронды базада 27 мың жазылым бар. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметіне, электрондық «Заң» базасына Қазақстан Республикасының Президенті қарамағындағы «Адам құқығы» жайлы комиссияның цифрлық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі бар. С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада интернет қызметін пайдаланушыларға арналған алты адамдық орны бар интернет залы ADSL-технологиясымен жұмыс жасауда. ADSL - технологиясы арқылы А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы, №1,2,3,4 кітапхана филиалдары және №5 кітапхана филиалы қалааралық интернет желісіне қосылған. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында толық ақпараттық және сервистік қызмет түрлері қамтылған: электронды каталог, қолжетімді Интернет,алыстағы деректер базасы, виртуалды анықтамалық қызмет, кітап, журнал, мультимедициялық жинақтар.

Көрсеткіштер

ОКЖ-нің қазіргі замануи кітапханалары кітап қорының және өлкетанулық құжаттардың сақталу орны. Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі – бұл • 395454 дана сақталу қоры • жылына 25000 оқырмандар саны • «Заң» анықтамалық-құқықтық жүйесіне қолжетімді • электронды кітаптар каталогы • энциклопедиялық,анықтамалық,жаңа оқулық әдістемелері,электрондық ресурстары мол оқу залы Қазіргі өмір талабына сай көпжылдық еңбек дәстүрі және жаңа технологияларды игерудегі ұжымның тәжірибесі арқылы кітапхана қызметкерлері халыққа қызмет көрсету деңгейін жақсартуда, қазіргі қоғамның талабына сай ұмтылуда.