Балқар тілі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балқар тілі — түркі тілдерінің бірі. Балқар тілінде 75 мыңдай адам (1990) сөйлейді. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Кейде Балқар тілін қарашай тіліне қосып қарашай-балқар тілі деп те атайды. Бірақ бұл екеуінің дыбыс, грамматика жүйесінде біраз айырмашылық бар. Қарашай тілінде ч, дж, п дыбыстарының орнына Балқар тілінде ц, дз, ф дыбыстары қолданылады: шаш, жер, шап сөздері қарашай тілінде чаш, джер, чап, Балқар тілінде цац, дзер, цаф болып айтылады. Балқар тіліндегі барайын, келгенмен (қазақшасы — келгенімен) тәрізді етістік тұлғалары қарашай тілінде барайым, келгенме түрінде қолданылады. Балқар тілі — жазуы кейін дамыған тіл. 1924 жылы балқарлар латын, 1939 жылы кириллицаны қабылдады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балқар тілі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}