Балқантану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БалқантануБалқан түбегін қоныстанған халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, қазіргі кездегі жағдайын, саяси өмірін зерттейтін ғылыми пәндердің жиынтығы. Балқантану мәселелері 19 ғасырда серб географы Й. Цвийчтың, чехия тарихшысы К. Иречектің, неміс лингвистері Г. Вейганд пен Г. Мейердің, даниялық лингвист ғалым К.Сандфельдтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты зерттеле бастады, 20 ғасырдың ірі Балқантанушы ғалымдары хорват П. Скок, орыс А.М. Селищев, даниялық Х. Педерсон, австриялық Н. Йокль, румындық Т. Капидан болды. Бастапқы кезде Балқантану тек лингвистика және мәдени-тарихи салаларды ғана қамтып, балқан халықтарының тілдері мен мәдениеттеріндегі ортақ құбылыстарды: фольклорлық мотивтердің ортақтығын (эпостағы, ертегілердегі), музыка мәдениетіндегі, қолөнердегі, киім-кешектегі және бірқатар көне салт-дәстүрлердегі ұқсастықтарды зерттеуді мақсат етті. Уақыт өте келе Балқантану шығыстану, славянтану, түркітану ғылым салалары сияқты жеке пән ретінде қалыптасып, гуманитарлық ғылымдардың басқа да салаларына тарала бастады. 1963 жылы Балқантануға арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін зерттеу жөніндегі халықаралық ассоциация құрылды. Балқан түбегінің бірқатар елдерінде Балқантану ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Олар: Болгариядағы Балканистика институты, Румыниядағы Оңтүстік-Шығыс Еуропалық зерттеулер институты, Салоникадағы (Грекия) Балқан зерттеу институты және т.б. қайта құрылып, қазіргі кезде РФ Ғымыми Академиясының жанында Славянтану және балканистика институты (1968) жұмыс істеуде. Балқантану саласы бойынша материалдар “Etudes Balcanіgues” (Sofіa, 1964), “Revue des Etudes Sud-Est-Europeennes” (Buc., 1963), “Balkan Studіes” (Thessalonіke, 1960) сияқты журналдарда жарияланады. Ұмыт бола бастаған Балқантану мәселелері 20-ғасырдың 90-жылдары күн тәртібіне қайта қойылды. Қазақстанда Балқантану қалыптаспаған, көне кезеңдегі түркі және Балқан халықтары арасындағы байланыстар жөнінде кейбір ізденістер нышаны ғана бар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балқантану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}