Балғарина Бақыт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балғарина Бақыт (1949 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы Индер ауданы, Кулагин ауылында дүниеге келген) – журналист<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

ҚазМУ-ді бітірген (1971). Алғашқы еңбек жолын 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысының "Ленин жолы" облыстық ғазетінде тілшіліктен бастап, кейін Жезқазған, Қарағанды облыстарындағы облыстық "Жезқазған туы" және "Орталық Қазақстан" ғазеттерінде тілші болып істеді. 1994 жылы мақсат "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі.

Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – ежелгі басылым "Егемен Қазақстан" беттерінде әлеумет, экономика, құқық және жас ұрпақ тәрбиесі тақырыбындағы материалдарымен көрінуде. ҚР Жоғарғы Соты, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті, Алматы қалалық соты, Қазақстан Журналистер одағының және де басқа салалар дипломдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}