Балық өлең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балық өлең - қайымдасып айтатын стереотиптік жұмбақ айтыстың бір түрі. Айтысушы екі адамның бірі балықтың тегі, түрі, аты туралы өлеңмен сұрақ қойып, екіншісі шешімін табады.

-Айтайын айт дегенің емен екен,
Мен көрдім емен жолы төмен екен.
Көсілген қөмекейің ақын болса, 
Балықтың ең үлкені немене екен?
-Балықтың ең үлкені жайын екен, 
Бір жұрты ер жігіттің қайын екен. 
Қылығың ел жұртыңа жағып өтсе, 
Алдыңда халал жарың дайын екен.
-Айтайын айт дегенің емен екен, 
Мен көрдім емен жолы төмен екен. 
Жасыңнан жұмбақ қуған дана болсаң, 
Балықтың екіншісі немене екен?
-Біреуі онан кейін шортан балық, 
Қонады түйелі бай сортаңды алып. 
Атадан артық туған асыл болсаң, 
Балықты мен ұстаған жүр таңдалық.

Қарсыласының білігін, білімін, тапқырлығын сынау мақсатында берілген балыққа қатысты сан қырлы сұрақтарға екінші ақын өз пайымымен жауап береді, сұрақ-жауап түріндегі өлең осылайша жалғасады.

Халық арасында мал, жан-жануар, табиғат көрінісі сияқты тақырыптар арқау болған тay өлең, су өлең, жер өлең, агаш өлең тәрізді айтыс түрлері де кездеседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балық өлең|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}