Балық сүбесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балық сүбесі (филе)— терісінен, сүйектері мен қылтанақтарынан тазартылған балық еті. Оны қуыруға немесе қайнатыл пісіруге дайындайды. Оны сауда орындарына 500 грамнан және 1 килограмнан бөліп-бөліп қораптарға салып түсіреді (брикет түрінде), ал ірі брикеттердің салмағын 10 килограмнан жасайды. Балықтың сүбе еті балыққа тән нәрлілігі мен дәмділік сапасын жоғалтпай, толық сақтайды. Балық сүбесін нәлімнің, теңіз алабұғасының, палтустың, көксеркенің, сазанның, жайынның, шортанның т. б. балықтардың етінен дайындайды. Шағындап оралған балық сүбесін тоңазытар алдында шырынын аз жоғалту үшін тұздық сумен баптайды (бұл жөнінде қорапта көрсетіліп жазылған), мұндай сүбелерді қосымша тұздаудың қажеті жоқ. Балық сүбесінен неше түрлі кулинариялық тағам әзірлеуге болады. Сондай-ақ сауда орындарына тоңазытылған балық сүбесінен әзірленген «балық таяқшалары» түседі.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балық сүбесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}