Балық сорпасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балық сорпасы - балық етін қайнатып дайындалады. Пияз, бұрыш қосып ішсе, шаршап, қалжырағанға әл беріп, көптеген дертке шипа болады, шаршауды шығарады, сүйекті күшейтеді делінеді. Қазақтың ежелгі тәжірибесі бойынша, аяқ-қолдың буыны ауырса, құрқұлақ сырқаты кезінде шортанның сорпасы ем саналады. Дәстүрлі ортада балық етін жегеннен ісейін ақ тағам ішпеген жөн деп санайды. Себебі «алапес» тәрізді қауіпті ауруларға душар болады деген. Үлкен өзен- көлдер жағасында тұратын қазақтар үшін Балық сорпасы күнделікті азық емес, тек емдік үшін қолданылған тағам болған. Бұл тағамға қатысты қазақы ортада «Құданың құдасы - балықтың сорпасы» деген сөз орамы жиі айтылады және ол балық сорпасының зәрушілікте емдік қасиеті болғанымен, мал етінің сорпасынан кенеуі кемшін, қуаты аз екендігін меңзейді. Ал бұл жердегі құданың құдасы дегені оның алыс туыс екендігін көрсеткені. Сонда аталмыш мақал құданың құдасы қаншалықты алыс туыс болса, балықтың сорпасы да қазақ дастарқаны үшін соншалықты зэру тамақ емес дегенді білдіреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балық сорпасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}