Балықшылар пірі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балықшылар пірі - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Сырдария жағасында орналасқан әулиелі орын. Ел аузында тараған аңыз бойынша әулие Қармақшы ата (шамамен 1630-1710 жылдарда өмір сүрген, шын есімі Жүсіп, кейде Дәулен деп те аталады). Сыр бойының жағасынан жеркепе қазып, сонда тұрған, қармақ құрып, балықшылықты кәсіп еткен. Тапқан балығымен бүкіл ауыл-аймақты асырап, еліне қорған болған, аш-жалаңаштарға, жүргіншілерге қол ұшын берген қайырымды адам болған. Ел аузындағы аңыз әулиенің Қармақшы ата атануын балыққа қармақ салуды кәсіп еткендігімен байланыстырады. Қармақшы ата кейін балықшылар піріне айналып, әулие атаның шапағатына бөленген елді мекен кейін Қармақшы ауданы деп, осы кісінің атымен аталып кеткен. Әулие қабірінің басына кезінде мазар салынып, белгі тұрғызылған. Қармақшы ата Найман тайпасының Бағаналы руынан шыққан деседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балықшылар пірі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}