Балықты кие тұту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балықты кие тұту - балық мифологиялық түсінікте төменгі су әлемінің өкілі болып саналады. Ежелгі түсінік бойынша, жерді балық көтеріп тұрады екен.

Байырғы қазақ ортасында балыққа қатысты ырым-тыйымдарды қатаң ұстанған. «Аяғы ауыр әйел балық жесе, мылқау бала туады», «балықтың құйрығын ұстасаң, қармағыңды балық қаппайтын болады», «балық же» деп мәзірет жасауға болмайды, олай істесе, айтумен балық жеген адам балық қылқанына қақалып қалады деседі. Арал өңірінде «Сазан пейіш көрген балық, сондықтан оныңмың басын мүжісең, пейішке барасың» деген ұғым бар.

Осы өңірде жайын балықтың арқасы неге шұбар болғаны туралы мынадай миф бар. «Адамата мен Хауана пейіштен қуылып жерге түскенде адасып қалып, ұзақ уақыт бір-бірін аңсап, бейнетпен тірлік кешкен деседі. Екеуі бірін-бірі ғаламат сағынады. Бұны жайын балық сезіп, екі мұңлықтың кездесуін тілеп, күтіп жүреді-міс. Суық күннің бірінде, жер бетіндегі судың бәрі қатып жатқан кезде, ақырьі екеуі табысып, мұз үстінде қауышып, төс түйістірген деседі. Әйел адамның бөксесі суық болатыны Хауа мұзға шалқайып жатқандықтан, ал еркектің тізесі суық болатыны Адам атаның тізесі алғаш мұзға тигендіктен деседі. Дәл осы сәтте жайын ол екеуінің астына келіп, жонын төсеп тұрады. Сол кезде махаббат нұры мол Адамата мен Хауананың жүрек оты тоң-мұзды ерітіп те жібереді. Ал Адамата тұқымы тасып-төгіліп мұз бетіне шашырал, жайынның жона жұғып та қалады, содан жайынның арқасы шұбар болып, ол ерекше күшке ие балыққа айналған» деседі.

Асқа, аруаққа арнап сойылған малдың сүйегін толық мүжіп болған соң, түгел қалпында терең суға ағызып жібереді, себебі марқұмның артындағы ұрпағы балықтай молайып, тұқымы жайылады деп түсінген. Міне, осындай ырым-тыйым, мифтерден балықтың киелі екендігі тұспалданады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балықты кие тұту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}