Балшық бастыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балшық бастыру - кірпіш жасау немесе үй сылау үшін сары топырақтан лай, батпақ жасау, илеу. Балшық бастыру үшін су құйылған топыраққа сабан, қурай шөп қосып, кетпенмен араластырып, дайындалған лайды бірер күн бұрын иін қандырады. Иін қандыру үшін жалаңаяқтанған жігіттер аяғымен басады, кейде ат пен өгіз күшін де пайдаланады, яғни лай үстінде арлы-берлі жүріп, ат, өгіз тұяғымен балшықты араластырып басады.

Сонан сон біртегіс етіп жаймалай дөңгелектеп, оның кенересін кетпенмен көтеріңкіреп қояды да, күнге кеуіп, тобарсып қалмау үшін бетіне су сеуіп бұқтырады. Үстін сабан не шеппен жауып қояды. Дайын болған батпақты ішіне жұқалап сабанның үгіндісі немесе құм себілген қалыпқа құйып, тегіс, құрғақ, дөңес жерге төңкеріп, қалыпты босатып алады. Дайын болған кірпіш бірнеше күн кептіріледі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балшық бастыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}