Балшықты жанартаулар газы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балшықты жанартаулар газы. Балшықты жанартауларға тиесілі газ белгілерін құрайтын табиғи газ. Бұл газдар балшықты жанартаудың ең басты энергия көзі болып табылады. Балшықты жанартаулардың ең күшті әрекеттері кезінде осы жанартау газдарының дебиті 40 мың м3/тәулік шамасында болуы мүмкін. Әр түрлі аудандардағы балшықты жанартаулар газы өзінің құрамы жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Әдетте бұл газдар метанды газдар өкілі болып табылады (СН4 мөлшері 99 %-ға дейін жетеді), олардың құрамында ауыр көмірсутектер мен азот мөлшері мейілінше мардымсыз.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}