Балшытыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Балшытыр (Үлгі:Lang-la) – айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15 – 35 см, жіңішке, қырлы, тік сабақты.
  • Жұмсақ қылтанақты бұтақшаларындағы жапырағы – ұсақ қабыршақ тәрізді, сабақ бойындағылары – сағақсыз үшкір, ал тамыр мойнына жақын орналасқандары сопақша, ірі болады.
  • Гүлдері сабақтың ұшында қалқан сияқты жинақталған, гүл сағағы қысқа, тостағанша жапырақтары қоңырау пішінді, ал күлтесі тозаңданғанша қызғылт, кейін көкшіл, қызғылт не көк түсті келеді. Мамырмаусым айларында гүлдейді.
  • Жемісі – ұзындығы 3,5 мм-дей жаңғақша. Ерте көктемде балшытырдың құрамында бал шырыны мол болады. Балшытырды сәндік гүл ретінде де өсіреді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Еуразияның қоңыржай белдеулерінде өсетін 10-нан аса түрі белгілі. Қазақстанда Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы өңірінде өсетін бір түрі – жұмсақ балшытыр (P. mollіssіma) бар.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>