Балхия Сағатқызы Калимурзина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Калимурзина Балхия Сағатқызы — Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі. Жеті кандидаттық диссертацияның ғылыми жетекшісі, 70-тен астам ғылыми жұмыстың және 17оқу-әдістемелік мақалалар мен оқу құралдарының авторы.

1969 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірді. 1973 жылы кандидаттық диссертация қорғап, сол жылдан бері жоғары медициналық білім беру жүйесінде ішкі аурулар кафедрасында қызмет атқарып келді. 1990жылы доцент ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың және Түркия Республикасының Президенті С.Демирельдің қолдауларымен 1991 жылы Түркістан қаласында халықаралық қазақ-түрік университеті құрылуына байланысты, еліміздің белгілі оқытушы-профессорларымен бірге Б.С.Калимурзина Ақтөбе ММИ ауысып, университеттің дамуына, деңгейін көтеруге белсене атсалысты. ОҚО науқастарына көмек көрсету, олардың ішінде күрделі жағдайларды шешу арқылы университет клиникасының беделін арттыруға үлкен үлес қосты. Кафедра құрылғаннан бастап Б.С. Калимурзина медицинаның негізі – ішкі аурулардан жетекші оқулықтың және оқу құралының мемлекеттік тілде болмауына байланысты клиникалық лекциялар жазып, оқу процесінде қолдана отырып, қажетті түзетулерді жүйелі енгізу нәтижесінде қазақ тіліндегі қазіргі таңға дейінгі жалғыз оқулықты жазды. Екі томдық бұл оқулық ҚР барлық жоғары медициналық ұйымдарында қолданылып келеді, сұраныстың жоғарылығына байланысты 2004 жылдан бері бірнеше рет қайта басылды.

Оңтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайына байланысты патологиялардың ең жиі таралғаны – қалқанша безінің ауруларына байланысты үлкен ғылыми жобасын іске асыру барысында 6 медицина ғылымдарының кандидаттарын қорғатты, олар және кафедраның түлектері қазіргі күндері Қазақстанның президент клиникасынан бастап, ҚР ұлттық ғылыми зерттеу медицина орталығы, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық хирургиялық ғылыми-зерттеу институты, облысымыздың кардиологиялық орталықтары сияқты белді ұйымдарында, сонымен бірге Туркия Республикасы, Болгария, Ресей т.б. мемлекеттердің медициналық мекемелерінде жауапты қызметтер атқаруда. Университеттің оқытушыларының және түлектерінің арасында ұстазын ыстық лебізбен еске алатындары, аталмыш конференцияға атсалысуға үлес қосқысы келетіндірі аз емес.<ref>Калимурзина Б.С. Ішкі аурулар:оқулық.-Түркістан,Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,2004.550 бет.</ref>

Калимурзина Б.С. 2004 жылдың шілде айында баспаға тапсырған еңбегінің жарыққа шыққанын көрместен жол апатынан мезгілсіз қаза тапты.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер